Басты бет / Бокс / АСҚАР ҚҰЛЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ БОКС ТУРНИРІ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

АСҚАР ҚҰЛЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ БОКС ТУРНИРІ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

Атырау қаласында дәстүрге айналған  Қазақстан Республикасы Бокс Федерациясының құрметті президенті Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың жүлдесіне арналған ерлер арасында Бокстан Халықаралық турнир басталды. Биыл турнир Асқар Алтынбекұлының 80-жылдық мерей тойына тұспа-тұс келіп отыр.

Бес күн бойы жалғасатын турнирде Әзірбайжан, Ресей, Сирия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан мемлекеттерінен 100 боксшы өзара үздіктерді анықтайтын болады.

Сайыстың ашылуына елімізге танымал бірқатар спорт мамандары келді. Бес дүркін КСРО чемпионы Болат Теміров пен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов боксшыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың алғашқы күні 60, 64 және 69 келі салмақтардағы боксшылар өзара мықтыны анықтады.

60 келіде жарыс қожайыны Ұзақбаев Асылхан қарсыласынан басым түсті. Астаналық Дархан Жұмсақбаев Қырғызстандық қарсыласы Тургумбековтен жеңіліп қалды. Осы салмақтағы танымал боксшылардың бірі, «арлан» Мейрболат Тойтов ОҚО-лық Жүсіпбек Бейбарыстан басым түсті. Алматылық боксшы Роман Шегринов Ресейлік Сайпулаев Динисламды жарыс жолынан шығарды.

64 келіде де кіл мықтылар жиналған. Соның арасында Шығыс Қазақстандық Мұратбеков Саят Өзбекстандық қарсыласы Павланов Фарходты аса тартысты кездесуде 4:1 есебімен ұтты. Ақтөбелік Ажбенов Нұртас Қырғызстандық Кубашев Нұрланды жарыс жолынан шығарды. Жарыс қожайындары Сапенов Қазыбек пен Қарымсақов Данат жарысты жалғастырады.

Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың жүлдесіне арналған турнир 5-ші шілде күні мәресіне жетеді.

 

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …