Бүгін футболдан Конфедерация кубогының қола жүлдесі үшін кездесуде Португалия Мексика құрамасымен күш сынасты.
Тартысты өрбіген ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Артынша, овертаймда португалиялықтар Адриен Сильваның арқасында жеңіске жете алды. Айта кетер жайт, матч барысында қос команданың ойыншылары алаңнан қуылған болатын.
Осылайша, Португалия Конфедерация кубогының қола жүлдегері атанды.
Конфедерация кубогы — 2017. 3-ші орын үшін матч.
Португалия — Мексика 2:1
Голдар: Пепе 91, А. Сильва (пенальтиден) 104 — Нето (автогол) 54
Алаңнан қуылған: Семеду 106 — Хименес 112, Осорио 120
Ақпарат: prosports.kz