Буэнос-Айрес (Аргентина) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Бекарыс Сәдуақас чемпион атанып, ел құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз ирандық Абольфази Шожей мен венгр Зомбор Веганы жеңіп, финалда грузин спортшысы Илья Сулуманидзені қосымша уақытта жеңді.
Ал қыздар арасында 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Маргарита Гриценко ақтық сында неміс дзюдошысы Рафаэлла Иглдан жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.
Сурет: Olympic.kz сайтынан