Ресей атынан шыққан қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ФИДЕ-нің ерлер арасындағы шебері атанды.
«Минскіде өткен ерсектер арасындағы Еуропа чемпионатында Тараз қаласынан шыққан 13 жасар Бибісара Асаубаева халықаралық деңгейдегі ерлер арасындағы шеберлік нормасын орындап, бірден ФИДЕ шебері атанды», — деп жазды «Қазконтент» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Марат Иғали Фейсбуктегі парақшасында.
Бибісара Асаубаева Тараз қаласының тумасы және Қазақстанның намысын қорғап төрт мәрте әлем чемпионатында жеңіске жетті, алайда аз уақыттан бері спортшы Ресей командасының атынан шығып жүр.