Басты бет / Басқа түрлер / ДӘУРЕН ЕРМЕКОВ «FIGHT NIGHTS GLOBAL 51» ЖАРЫСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ДӘУРЕН ЕРМЕКОВ «FIGHT NIGHTS GLOBAL 51» ЖАРЫСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Дағыстан Республикасында «FIGHT NIGHTS GLOBAL 51» сайысы мәресіне жетті.

Отандасымыз Дәурен Ермеков «FIGHT NIGHTS GLOBAL 51» жарысында ресейлiк Рашид­ Абдурахмановтан басым түсіп, 3 раунд қортындысы бойынша ұпай санымен айқын жеңіске жетті.

Дәуреннің  қарсыласы жергілікті споршы Рашид­ Абдурахманов та осал болмады. Көрермендер тартысқа толы жекпе-жектің куәсі болды. Ақтөбе облысының спортшысы Дәурен Ермеков өзінің дайындық деңгейі жоғары екенін дәлелдей алды.

Сайыс біте салысымен спортшы ММА спортынан ұлттық құрама бас бапкері Айбек Шокпутовқа өз алғысын білдірді.

Айта кетейік, Дәурен Ермеков «Екін күш» атты кәсіпқой жауынгерлік клубтың спортшысы, Панкратион және ММА спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …