«Медеу» мұз айдынында конькишілер бәсекесі өтуде.
Ерлер арасындағы 500 метрлік қос сайыста Кореялық Ша Минкую жеңіске жетті. Қос сайыстың қорытындысы бойынша 70,76 уақыт аралығын көрсетті.
Екінші орынды Жапониялық Накао Кото иеленсе, үшінші орында Кореялық Ким Ионг Джин.
Қазақстандық конькишілер арасында Роман Креч үздік нәтиже көрсетіп, жетінші орын алды. Крикунов Артем тоғызыншы, Станислав Палкин 12-ші, Ессасамбо Дарсиль 13-ші орын еншіледі.
Жалпы ерлер арасынағы 500/2 қашықтыққа 36 мемлекет спортшылары қатысқан болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт