Мұндай жағдай Қазақстанның шахмат тарихында алғаш рет болып отыр.
Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстердің ерлерге арналған нормасын орындады, деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. Бұл Қазақстанның шахмат тарихында алғаш рет болып отыр.
Жансая АҚШ-тың Филадельфия штатында өтіп жатқан ірі халықаралық World Open 2017 турниріне қатысты. Қатысушылар саны 216 спортшы болды, олардың ішінде 33 ер грасмейстер және 26 ерлер арасында халықаралық спорт шеберлері.
«Жансая тоғыз ұпайдың алтауын жинады: ол алты партияны жеңіп, екеуінде тең түсті және біреуінде ұтылып қалды. Рейтингі 2595 ытайлық гроссмейстерден ұтылды. Соңғы партияда рейтінгі 2658 болып тұрған жарыс көшбасшысымен ойнады. Жеңген жағдайда турнир жеңімпазы да болатын еді. Бірақ тең ойын болды», – дейді Жансаяның әенсі Данияр Әшіров.
«Бұл қуанышты жағдай. Қазақстанның шахмат тарихында 17 жастағы қыз ер адамның халықаралық нормасын орындады! Бұл керекмет жетістік! Бұл жарыстың соңғы партиясын бірінші тақтада ойнау «Ролан Гаррос» финалында ойнаумен тең», – дейді ол.
Финалдық турда Жансая 17 жастағы талантты америкалық ойыншы Джеффри Ксенгпен сынасты.
«БАҚ бұған бірден назар аудары, өйткені мұндай мықты турнир финалында ең жас ойыншылар кездесті. Тағы бір қызықтысы жарыс фавориттері турнир кестесінде төменге түсіп қалды», – деп жарыс туралы айтып берді Әшіров.
«Жансая бір сағаттай бұрын Skype желісі арқылы хабарласты. Қуанышымен бөлісті. «Әке қалай ойнадым? Мен тәуекелге барғна жоқпын, нақты қадамдар жасап, ыңғайы келгенде шабуылдап отырдым. Ерлер нормасын орындағым келді. Ұсақ шабуылдар да жасамадым» дейді. Бізде өте қуанып отырмыз», – дейді Данияр Әшіров.
Сонымен бірге, Жансая халықаралық рейтингте 30 пункте жоғарлады.