Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ХОРВАТИЯ — АНГЛИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ХОРВАТИЯ — АНГЛИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында 2018-шы жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хорватия құрамасы өз алаңында Англия құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Ойын бүгін, 12-ші қазаннан 13-ші қазанға қараған түні, Риека қаласындағы «Риека» стадионында өтеді. «Qazaqstan» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те.

Ойынға неміс Феликc Брых бастаған мамандар төрелік ететін болады.

Айта кетсек, Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Англия құрамасы қарсыласы Испания құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді. Ал екінші кезеңде Испания құрамасы өз алаңында Хорватия құрамасын 6:0 есебімен тас-талқан еткен болатын.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ТҮРКИЯ ТУРЫНЫҢ 5-ШІ КЕЗЕҢІНДЕ ЛУЦЕНКО БАСЫМДЫЛЫҒЫН БЕРМЕДІ

Түркияның Президенттік турының 5-ші кезеңі Сельчук пен Манису аралығнда өтіп, 137,7 шақырымға созылды. Жарыс басталысымен …