Басты бет / Қысқы спорт / ДАМИР РЫСПАЕВ СОЛТҮСТІК АМЕРИКАҒА КЕТЕ МЕ?

ДАМИР РЫСПАЕВ СОЛТҮСТІК АМЕРИКАҒА КЕТЕ МЕ?

Елордалық «Барыс» хоккей клубының бұрынғы ойыншысы, қазір «Номад» командасының сапында өнер көрсетіп жүрген Дамир Рыспаев «Чемпионат» сайтына берген сұхбатында өзіне қолданылған жазаның заңсыз екенін және алдағы уақытта Америкада бағын сынағысы келетінін айтты, — деп хабарлайды  QSport.kz  порталы.

– Жуырда «Витяз» бен Омск командалары арасындағы оқиға есіме түсіп кетті. Ол кезде бес бірдей жігіт төбелесті. Ал жаза ретінде тек 20 ойыннан шеттетті. Мен ше? Өзім жалғыз қарсыластың бес хоккейшісіне қарсы жұдырықтастым. Сол үшін өмір бойға жазаландым. Оның үстіне клубпен де, құрамамен де ешқандай жарысқа қатыса алмаймын.

Тіпті біздің Алматыда өткен Универсиада ойындарына қатыса алмадым. Меніңше, бұл жаза заңсыз. Мерзімсіз жазаланғаныма бір жылдан астам уақыт өтті. Не үшін ауыр жаза қолданды? Ешкімді өлтірген жоқпын ғой. Бәрі аман-есен. Менің хоккей ойнағым келеді. Хоккейді қазір тастап кету тым ерте. Бағымды Солтүстік Америкада сынап көру жоспарда бар, – дейді қазақстандық хоккейші.

Айта кетейік, 2016 жылдың 8 тамызы күні Қазақстан Президенті кубогы жарысында «Барыстың» хоккейшісі Дамир Рыспаев қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасының ойыншыларын жаппай сабаған болатын. Осыдан кейін Құрлық хоккей лигасының тәртіп комитеті қазақстандық ойыншыны мерзімсіз уақытқа хоккейден шеттетті.

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМ: КӨРІНГЕННІҢ СЫҢЫНА ҚҰЛАҚ АСАТЫН УАҚЫТЫМ ЖОҚ

Бір айдан соң канадалық Брэндон Кукпен жұдырықтасатын Қанат Ислам экслюзив сұхбат беріп, Астанадағы жаттығуын көрсетті. …