Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫ БІР ПРОМО-РОЛИК ШЫҚТЫ

ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫ БІР ПРОМО-РОЛИК ШЫҚТЫ

Youtube-тегі BDA Boxing арнасы, Әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектеріне арналған промо-роликті жариялады.

Промо-ролик 1990-шы жылғы фильмдерге ұқсас болып жасалған, және де онда «Рокки» фильмінің әуені бар.

Екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні (Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Бокс кеші Астана уақыты бойынша сағат 06:00-де басталады, ал «QazSport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында дәл сол «T-Mobile Arena»-да өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген болатын.

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛОМЕН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ЖАЙЛЫ БЕЙНЕСЮЖЕТ ЖАРИЯЛАДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ресми Youtube арнасында Сауль Альвареспен өткізген екінші жекпе-жегі жайлы вюдеосюжет …