Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында Португалия құрамасы өз алаңында Италия құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Бүгін, 10-шы қыркүйектен 11-ші қыркүйекке қараған түні Лиссабон қаласының «Да Луиш» стадионында Португалия құрамасы Италия құрамасын қабылдайды.
«Qazaqstan» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады.
Ұлттар лигасының екінші кезеңінде, А лигасының 3-ші тобында өнер көрсететін Италия құрамасы мен Польша құрамасы кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. Ал Португалиялық құрамасы бірінші ойынын енді өткізеді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт