Өзбекстанның Шыршық қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Азия кубогы өтті.
Сайысқа 8 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұл сында қазақстандық дзюдошы Иоланта Бердібекова (63 кг) жеңімпаз атанды. Қыздар арасында еліміз атанынан тек қана Иоланта сынға түскен болатын. Отандасымыз екі кездесу өткізіп, екеуінде де таза жеңіске жетті.
Өкінішке қарай, аталмыш жарыста сынға түскен жігіттеріміз жүлдеге іліне алмады.
Жастар арасындағы Азия кубогында Өзбекстан құрамасы 9 алтынмен бірінші орын алды. Тәжікстан мен Иран балуандары 2 алтын, Қазақстан мен Қырғызстан құрамасы 1 алтынмен шектелді.