Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг IJF рейтингінде бірінші орынға көтерілді.
Халықаралық дзюдо федерациясы Екатеринбургте өткен «Grand Slam» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. 22 мамырда шығарылған рейтингте қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дзюдошыларды 3280 ұпаймен көш бастап тұр.
Екатеринбургтегі «Grand Slam» турнирінде І орын алған жапониялық Ами Кондо 3231 ұпаймен рейтингте екінші орынға жайғасса, үздік үштікті моңғолиялық Уранцэцэг Мунхбат 3122 ұпаймен қорытындылаған.
Айта кетейік, Қазақстан қыздар құрамасынан Галбадрах Отгонцэцэг рейтингте көш бастаған тұңғыш қазақстандық дзюдошы.