Ұлттар лигасының төртінші кезеңі аясында Польша құрамасы өз алаңында Италия құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Ойын бүгін, 14-ші қазаннан 15-ші қазанға қараған түні Хожув қаласының «Шленски» стадионында өтеді. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те.
Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде, А лигасының 3-ші тобында өнер көрсететін Италия құрамасы мен Польша құрамасы кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. Екінші кезеңде Португалия құрамасы қарсыласы Италия құрамасын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ал үшінші кезеңде Польша құрамасы өз алаңында Португалия құрамасынан 2:3 есебімен жеңілді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт