«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының екінші ойынында Қазандық УНИКС-тан жеңіліп қалды.
Бүгін «Астана» өз алаңында эеңіліс тапты. Қарсылас құрама да биылғы маусымды сәтті бастаған болатын. Олар бірінші ойындарында Нижнегородтықтарды 104:81 есебімен ұтқан болатын.
Ойын 68:84 есебімен «УНИКС» құрамасының пайдасына шешілді.
Айта кетейік, Астаналық құраманы қолдау мақсатында ойынға Паралимпиада ойындарының чемпион Зульфия Габидуллина келді.
НӘТИЖЕЛІ ОЙЫНШЫЛАР:
«Астана»: Род Одом (21 ұпай), Роберт Лоури (12 ұпай)
УНИКС: Кит Лэнгфорд (20 ұпай), Хоаким Колом (15 ұпай), Артем Параховский (13 ұпай), Коти Кларк (13 ұпай)
«Астана» келесі ойынын өз алаңында сенбі күні Мәскеулік» ЦСКА» командасына қарсы өткізеді.