Африка Ұлттары Кубогіне іріктеу кезеңінде Египет құрамасы қарсыласы Нигер құрамасын тас талқан етті.
Египет құрамасы Африка Ұлттары Кубогіне іріктеу кезеңін Тунис құрамасына жеңіліспен бастаған болатын. Бірақ, екінші ойында жақсы дайындалып өз алаңында Нигер құрамасын ірі есеппен жеңді.
Кездесудің бірінші минутында-ақ египеттіктердің көшбасшысы Мохамед Салах командасына пенальти алып берді, өзі соққы жасады бірақ қақпашы допты қақпаға кіргізбеді.
Ал кездесудің 13-ші минутында Салах әріптесі Мохсенге нәтижелі пас берді. Кейін, ойынның 29-шы минутында, ойын 2:0 есебімен өтіп жатқан кезде, Салах екінші рет пенальтиден соққы жасады. Қақпашы тағы да допты қайтарды, бірақ серпілген допты өзі қақпаға бағыттап гол соқты.
Екінші таймда Египет құрамасы тағы үш гол соғып, есепті 6:0-ге жеткізді.
Егиипет 6:0 Нигер
Голдар: М.Мохсен, 13, Ашраф, 19, Салах, 29, 86, С.Мохсен, 73, Эль-Ненни, 90+2.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт