Басты бет / Қысқы спорт / ДЕНИС ТЕН «2016 Skate America» ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСПАЙДЫ

ДЕНИС ТЕН «2016 Skate America» ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСПАЙДЫ

 

21-23 қазанда АҚШ-тың  Чикаго қаласында мәнерлеп сырғанаудан атақты «2016 Skate America» Гран-При турнирі өтеді. Бұл сынға 12 мемлекеттен 58 спортшы қатыспақшы. Оның арасында отандасымыз, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенде бар екеін айтқанбыз. Бірақ бүгін белгілі болғандай Денис жарысқа қатысудан бас тартты.

Спортшының парақшасында «жарысқа қатыспаймын» деп жазылған. Бірақ нақты себебі көрсетілмеген.

Айта кетейік, Денис Тен бұл жарыста 2014 жылы  төртінші нәтижені көрсетсе, 2015 жылы тоғызыншы орынға ие болды. Мәнерлеп сырғанаушының жаңа маусымды әлі бастамағанын ескерсек, әлі спорттық бабына келмеуі мүмкін. Денис Тен маусымның соңына қарай ғана өзінің бар мүмкіндігін көрсете алады.

Денис бұдан бұрын  29 қыркүйекте өткен «Ondrej Nepela Memorial» турнирінің жеребе тарту рәсіміне қатысқанымен, оған да шығуға бас тартқан болатын. Спортшының денсаулығы туралы нақты ақпарат жоқ.

Осы тұста Жапония елінде «Мұздағы Юри» атты анимациялық фильмінің көрсетілімі басталғанын айта кету керек. Қазақ мәнерлеп сырғанаушысының Жапонияда қатты танымал екенін ескересек, бұл қазақ елінің де насихатталып жатқанын білдіреді. Отандық спортшы әлем теледидарларынан көрінсе, спортымыздың алға басқаны.

 

 

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …