Каратэші Дидар Әмірәлі Азия ойындарының финалында кувейттік қарсыласы Әли Абдуазизге 0:4 есебімен жол беріп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Дидар Әмірәлі 1/16 финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысын ұтса, 1/8 финалда Таиланд өкілінен басым түсті. Ширек финалда Шри-Ланка спортшысын тізе бүктірген Дидар жартылай финалда индонезиялық каратэшіні жеңді. Дереккөз: Olympic.kz
толық оқу»
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт