Басты бет / Басқа түрлер / ГРОССМЕЙСТЕР РИНАТ ЖҰМАБАЕВ ШВЕЙЦАРИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ГРОССМЕЙСТЕР РИНАТ ЖҰМАБАЕВ ШВЕЙЦАРИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

 

 

Қазақстандық гроссмейстер Ринат Жұмабаев Швейцарияда өткен халықаралық турнирде күміс жүлде еншіледі.

Швейцарияның Биль қаласында жылдам шахмат спортынан халықаралық фестиваль өтті. Бұл додаға шахмат әлемінің көшбасшы  АҚШ, Үндістан, Германия, Франция сияқты елдерінен 147 спортшы қатысты.

Жерлесіміз Ринат Жұмабаев ең жоғарғы 7,5 ұпай санымен күміс жүлдегер атанды. Бірінші орын алған Әзірбайжандық Эльтадж Сафарли да дәл осындай нәтиже көрсетті. Бірақ Әзірбайжандық спортшының жеке коэффициенттік көрсеткіші алда болды. Қола жүлдені былтырғы әлем чемпионы, Ресейлік Александра Костенюк еншіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Ринат Жұмабаев халықаралық дәрежедегі гроссмейстер болып табылады. 27 жасар отандасымыз түрлі халықаралық сайыстардың жеңімпазы. Ол жылдам шахматтан Қазақстан құрамасының сапында бірнеше дүркін Азия чемпионы атанған.

 

 

 

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …