Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ЦСКА» — «РЕАЛ МАДРИД» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ЦСКА» — «РЕАЛ МАДРИД» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Чемпиондар Лигасы 2-ші кезеңінде G тобында өнер көрсететін «ЦСКА» өз алаңында «Реал Мадридті» қабылдайды.

Ойын Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында өтеді. Кездесу 2-ші қазаннан 3-ші қазанға қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 00:50-де басталады. Отандық «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Ойынға румыниялық маман Овидиу Хацеган өз тобымен төрелік ететін болады.

Ал G тобындағы «Рома» өз алаңында «Викторияға» қарсы ойын өткізеді. Кездесу Рим қаласындағы «Олимпико» стадионында өтеді.

Айта кетсек, 1-ші кезеңде «Реал Мадрид» өз алаңында римдік «Романы» 3:0 есебімен тізе бүктірсе, ал «ЦСКА» сырт алаңда «Викториямен» 2:2 есебімен тең ойнады.

Осылайша, G тобында «Реал Мадрид» үш ұпаймен бірінші, «Виктория» мен «ЦСКА» бір-бір ұпаймен екінші және үшінші, ал «Рома» ұпайсыз соңғы орында тұр.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …