Қазақстан Республикасы Джиу-джитсу қауымдастығы игі шараны қолға алды.
28 желтоқсан күні кішкентай Темірланның емі үшін қайырымдылық эстафетасы өтті. 6 жасар Темірлан Қошановқа шұғыл түрде операция жасату керек болған. Баланың тағдырынан бей-жай қалмаған қауымдастық көмек қолын созуға бел буыпты.
Бразилиядан келген маман Эдуардо Вентура спортшыларға арнап арнайы семинар өткізді. Әлемдегі ең мықты мектеп өкілі, қара белдік иегері Вентурамен болған семинардан 200 мың теңгеге жуық қаржы түсіпті. Қауымдастық өкілдері шараның бас қасында болған Темірланның анасына жиналған қаражатты табыс етті. Баланың дені сау болғанын тілеп, қашан да көмек қолын созуға дайын екендіктерін жеткізді.
Бұл Қазақстан Республикасы Джиу-джитсу қауымдастығы бастаған шара еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын таппақ.