Елордадағы «Қазақ батыры» жекпе-жек Академиясында грэпплингтен Азия чемпионаты аясында спортшылардың оқу-жаттығу жиыны өтті.
Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты. Бүгінгі таңда жарысты ұйымдастырушылар Әлемнің 30 елінде жұмыс істейтін грэпплинг федерациялармен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Пәкістан мемлекеттері жарысқа қатысатындықтарын растады. Естеріңізге салайық, грэпплингтен Азия чемпионаты 2 және 3 қыркүйекте «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.
Дереккөз: turkystan.kz