Ғаламторда қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 7 КО) чемпиондық белбеу үшін өткізген жекпе-жегінің бейнежазбасы пайда болды.
Лас-Вегас қаласында (Невада штаты) өткен бокс кешінде, Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласы америкалық Джамар Фримэнді (15-6-2, 8 КО) сегіз раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің бірауыздан шешімімен 80-71, 80-71, 80-71 есептерімен жеңді. Екінші раундта Мейірім қарсыласын нокдаунға жіберген болатын. Жекпе-жек Facebook әлеуметтік желісіндегі Golden Boy Fight Night парақшасында жарияланды (отаандасымыздың жекпе-жегі 15:38-ші минуттан).
Бұл жеңісі арқылы Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы жастар арасындағы NABF чемпиондық белбеуінің иегері атанды.
Айта кетсейік, Мейірім кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегіндегі тоғызыншы жеңісіне жетті, оның жетеуін уақытынан бұрын аяқтаған.
Oct 13: Angel Acosta vs Abraham Rodriguez
Oct 13: Angel Tito Acosta vs Abraham Rodriguez. Plus, Bakhram Murtazaliev! LIVE, and only on Facebook. #AcostaRodriguez
Опубликовано Golden Boy Fight Night Суббота, 13 октября 2018 г.