Қазақстандық жас теннисші Дмитрий Попко Түркиядағы ITF жекелей турнирін осымен екінші рет ұтып отыр.
Турнирдегі сыйақы көлемі 10 мың долларды құрайды. Бұл сында Қазақстандық теннисші номері екінші ракета саналып, финалда Ресейлік Виктор Балудамен кездесті. Өз кезегінде Балуда алтыншы номерлі теннисші болатын. Бірақ Ресейлік жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп Қазақстандық теннисші финалсыз-ақ чемпион атанды.
Осылайша қос теннисші арасындағы жекпе-жектер саны 1:1 болып теңесті.