Басты бет / Бокс / АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

69 келі салмақта 2016 жылғы Қазақстан чемпионы Абылайхан Жүсіпов Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Жапониялық Хирояки Киноға қарсы өткізген жекпе-жек туралы боксшы Қазақстан бокс федерациясының тілшісіне баяндап берді.

Азия чемпионатына қатыспастан бұрын екі бірдей Халықаралывқ турнирде бағымды сынадым. Бұл менің спорттық қалыпқа келуіме қатты көмегін тигізді, — дейді Абылайхан. — Кездесу жақсы өтті. Жоғары деңгейдегі жекпе-жек болды. Расында жасалынатын жұмыс әлі көп.

— Кездесуді уақытнан бұрын аяқтайтын мүмкіндігің болды. Солай емес пе?

— Бұл бокс. Ешқашан уақытнан бұрын ештеңені болжап білу мүмкін емес. Біз барлығымыз талпынамыз.Біздің командадағы боксшылардың барлығы дерлік ширек финалға шықты. Тек Қонқабаевтың кездесуі қалды. Жалпы жігіттер үшін қуаныштымын. Алға ғана жүруге тырысмыз.

— Кездесу туралы толығырақ айта кетсең.

— Бірінші раунд бағдарлаумен өтті. Кейін өзімнің тактикаммен жұмыс жасай бастадым. Қарсыласыма келсем ол солақай. Оның жұдырықтасу әдісіне бірден үйреніп алдым.

— 69 келіде ең қауіпті қарсылас қайсысы?

— Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан және Үндістан спортшылар айта кетемін.

Сондай-ақ

БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ WBC ҮЗДІКТЕРІ ҚАТАРЫНДА

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) өздерінің жаңарған рейтингін жариялады. Солардың арасында қазақстандық Бекман Сойлыбаев (11-0, 4KO) …