Басты бет / Велоспорт / ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫНЫҢ 13-ШІ КЕЗЕҢІНДЕ МИГЕЛЬ АНХЕЛЬ ЛОПЕС 5-ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫНЫҢ 13-ШІ КЕЗЕҢІНДЕ МИГЕЛЬ АНХЕЛЬ ЛОПЕС 5-ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

Соңғы шақырымдардың бірінде «Астана» шабандозы Мигель Анхел Лопестің велесебетінің шынжыры шығып кетіп, ол амалсыз бірнеше секундтарға аялдады. Мұндай сәтсіздікке қарамастан біздің команданың капитаны берілмей, одан әрі шабуылға шықты. Соңында Наиро Кинтаноға 20 секунд жеңіліп өзге көшбасшылармен бірге келді.

32 шабандоздан құралған топ алға озып шығып, 13-кезеңнің сәнін келтірді (Кандас. Карреньо – Альто де Ла Камперона, 174,8 км). Пелотон мұның барлығын бақылауда ұстауға құлықты еді. Ал озып шыққандар арасынан испаниялық Оскар Родригес шабуылға шығып, бірінші орынды иемденді.

Колумбиялық Наиро Кинтана көшбасшылар арасынан бірінші болып мәрені кесті. Ол араға 2 минут 32 секунд салып келді. Одан кейін Саймон Йейтс, ол Кинтанаға 6 секунд жеңілді. Мигель Анхель Лопес қатты кешіге қоймай, 20 секундтан соң келді. «Астана» командасының капитаны басты классификацияда көтеріліп, 5-орынға шықты (+2.23 Хесус Эррадаға). Сонымен қатар, Лопес жастар классификациясындағы орнын да сақтап қалды.

Сурет: Bettiniphoto.net сайтынан

Дереккөз: AstanaProTeam.kz

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II БОКС КЕШІНІҢ ТОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

15-ші қыркүйек күні (Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA …