Басты бет / Басқа түрлер / МЕДЕУДЕ КОНЬКИМЕН СЫРҒАНАУДЫ ТЕГІН ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ

МЕДЕУДЕ КОНЬКИМЕН СЫРҒАНАУДЫ ТЕГІН ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ

Алматының «Медеу» мұз айдыныңда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары басталды, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

20-ға жуық тәжірибелі жаттықтырушылар «Медеу» қонақтарын сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін аптаның әр сенбісі немесе жексенбісінде тегін үйрететін болады.

— Коньки тебуді үйренгісі келіп жүргендер көп болды. Көбінесе кішкентай балалармен қыздарға көмек көрсеттім. Нәтиже жаман емес, — деді нұсқаушы Олжас Мынбаев.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында көптеген сыйлықтар ойнатылып, концерттік бағдарламалар өткізілетінің болады.  Айта кетер жайт, билеттер мен конькиді жалға алу бағасы Медеудегі прейскурантка сәйкес қала береді. Конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқасанның 24-не дейін жалғасып, келесі жылдың қантарында қайта іске қосылмақ.

— Мен коньки тебуді ұмытып қалыппын, нұсқаушылардың көмегіне жүгініп, біраз нәрсені үйрендім. Оларға алғыс білдіремін. Бұл жерде коньки тебе алмай жүргендер өте көп, сондықтан нұсқаушылардың болғандары өте дүрыс, — деді Балғын Серікбаева.

Іс-шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын үстануға шақырту болып табылады. Акиця «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25-ші ақпанында қосылған болатын.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бүқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

 

Сондай-ақ

«ИНТЕР» «ВЕРОНАДАН» БІР ГОЛ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫМЕН БАСЫМ ТҮСТІ

Италия біріншілігінің 11-ші кезеңінде өткен «Верона» — «Интер» кездесуінде, Спаллеттидің командасы Перишитің голының арқасында «Веронадан» …