Басты бет / Басқа түрлер / АТЫРАУДА АЛҒАШ РЕТ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАППАЙ ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТЕДІ

АТЫРАУДА АЛҒАШ РЕТ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАППАЙ ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТЕДІ

6 мамырда Атырауда алғашқы «Atyrau Marathon 2017» жеңіл атлетикалық жаппай жүгіру марафоны өтеді
Бағыттар мынадай. 10 км-де: әуежай – Сәтпаев даңғылы – орталық көпір – сол жақ жағалауға шығу – «Мұнайшы» спорт кешені.

21 км-де: «Мұнайшы» (артқы қақпа) – Шәріпов көшесі – «Шалқыма» дүкенінің жанынан Азаттық даңғылына шығу – орталық көпір – Сәтпаев даңғылы — әуежай — әрі қарай 10 км-лік бірінші маршрут қайталанады.

Жүгіруді жалғастыра алмағандарды арнайы автобус мінгізіп алады. Маршруттарда 4 жедел жәрдем бригадасы кезекшілікте болады. Үш нүктеде су беру ұйымдастырылады: Исатай мен Махамбет алаңында, әуежайда және «Мұнайшы» стадионының мәресінде.

Қорытынды 37 жастан төмен және жоғары жастағы ерлер мен әйелдер арасында жүргізіледі. Жүгіріс аяқталған соң қатысушылар үшін «Мұнайшы» стадионында эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Маржан Арапбаева өнер көрсетеді.

Сондай-ақ

ҚУАТ ХАМИТОВ РЕСЕЙЛІК СПОРТШЫҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Ресей елінің Владивосток қаласында өткен аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 63 атты кеш өтті. Бұл …