Басты бет / Басқа түрлер / ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДІҢ ДЕҢГЕЙІ ӨТЕ НАШАР

ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДІҢ ДЕҢГЕЙІ ӨТЕ НАШАР

Жеңіл атлетикадан ХVІ әлем чемпионаты аяқталды. 10 күн бойы төрткіл дүние үздіктерімен Қазақстан спортшылары да сынға түсті.

Лондондағы әлем чемпионаты аяқталған бетте Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Григорий Егоровты тілге тартып, бүкіләлемдік біріншілікті қысқаша қорытындылап, біздің спортшылардың нәтижелеріне баға беруін өтінген едік.

Біз әлем чемпионатында спортшыларымыздың әлеуетін, өзімізді деңгейімізді бағамдап біле алдық. Біздің ұлттық құрамамен жұмыс жасап жатқанымызға үш ай болды. Бұл уақыт ішінде жалпы жағдай түсінікті бола бастаған. Ал Лондондағы әлем чемпионаты біздің бүгінгі жағдайымызды тайға таңба басқандай етіп, айқындап берді.

Маймөңкелемей, шындықты бетке айтар болсақ, жағдайымыз – өте нашар, тым мүшкіл. Деңгейіміз құлдырап, әлдеқайда төмен түсіп кеткен. Бар сенгеніміз де, иек артқанымыз да – Ольга Рыпакова. Ол болмаса, бүкіл әлем Қазақстанның осы әлем чемпионатына қатысқанын білер ме еді?! Ольга болмаса, Лондоннан ауызды құрғақ шөппен сүртіп қайтар едік.

Мен бұл жерде спортшыларды кінәлай алмаймын. Бар кінәрат – жүйеде! Баз біреулерге қолайлы ма, білмеймін, бірақ бір таң қаларлығы, талап мен нормативтер жұмсартылып, төмендетіліп жіберген. Сол себеті деңгейіміз төмендеп кеткен.

Біз осыны түзеуіміз керек. Талапты күшейту керек. Спортшылар аз, жас жаттықтырушылар жоққа тән. Мысалы, көпсайыстан ел біріншілігіне бір-ақ спортшы қатысқан! Ол қалай жетіледі, өседі?! Бәсекелестік жоқ. Бізге жеңіл атлетика жүйесін толықтай жаңғырту қажет, – деп түйіндеді өз сөзін ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы.

kazathletics.kz

 

Сондай-ақ

ТАЙБЭЙДЕГІ ТАРТЫС ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІН АНЫҚТАЙДЫ

Тайбэйде әлемнің ең үздік студенттерінің басын қосатын ХХІХ жазғы Дүниежүзілік Универсиада басталды. Осы жарыстың тарихы …