Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ТОБЫЛ» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ 2-ШІ КЕЗЕҢІНЕН АСА АЛМАДЫ

«ТОБЫЛ» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ 2-ШІ КЕЗЕҢІНЕН АСА АЛМАДЫ

Қостанайлық «Тобыл», Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында, Ереванда өткен қарсы қарымта ойын «Пюник» клубына 1:0 есе жіберді.

«Пюниктің» жеңісті голын 82-ші минутта ивуарлық Мохамед Конате соқты. 20 жасар Конате 2017-ші жылы «Қайрат А» сапында 12 ойын өткізіп, Қазақстанның бірінші лигасында екі голмен көзге түскен.

«Тобыл» ойынның соңғы минуттарын бір ойыншысы артық болып өткізді. Себебі, «Пюник» қорғаушысы Петрос Аветисян 89-шы минутта екінші сары қағаз алып ойыннан қуылған болатын, бірақ қостанайлықтар ойыншылар санының басымдығы пайдалана алмады.

Қостанай қаласында өткен бірінші ойында, «Тобыл» «Пюник» клубын 2:1 есебімен жеңген болатын. Есеп 2:2 болғанымен Еуропа Лигасының ережесі бойынша, сырт алаңда гол соққан армяндық клуб келесі кезеңге өтеді.

Фото «Пюниктің» баспасөз қызметінен

Сондай-ақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН СПОРТШЫЛАР

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтетін …