Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ОЛЬГА РЫПАКОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

ОЛЬГА РЫПАКОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Азия ойындарының алтын жүлдесіне қол жеткізді.

Оған жеңіске жету үшін небары бір ғана мүмкіндік жеткілікті еді. Ол екінші мүмкіндігінде 14 метрден асқан болатын.

Қарсыластарының барлығы да бұл межеге жетпеген соң, Рыпаковаға тағы да секірудің қажеті болмаушы еді.

Алайда, барлық мүмкіндігін пайдаланып, 14.26 метрге секірген Рыпакова өзінің нәтижесін жақсартып қана қоймай, Азиада алтынын жеңіп алды.

Күміс жүлдені 13.93 нәтижесін көрсеткен Таиланд және Вьетнам спортшылары өзара бөлісті.

Ольга Рыпакова төртінші рет Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұған дейін 2006, 2010, 2014 жылдары да алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫНЫҢ ТИТУЛДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫ АУЫСТЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының (8-0, 7 КО) кәсіпқой бокстағы тоғызыншы әрі титулдық жекпе-жегіндегі қарсыласы …