Дәулет Дәукенов кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін техникалық нокаутпен бастады.
25 жасар астаналық Дәулет Дәукенов кәсіпқой рингте алғашқы кездесуін Екатеринбургте (Ресей) өткізді. 4 раундқа жоспарланған кездесу бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келі / 140 фунт) өтті. Оның қарсыласы дебюттік кездесуіне шыққан ресейлік Ахматбек Абдуллаев болды.
Алғашқы раунд қазақ боксшысының сәл басымдығымен өтсе, екінші раунд бойы Дәулет қарсыласын соққының астына алып, тіпті соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Екінші раунд аяқталысымен ресейлік боксшының бұрышы жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаутпен жеңіске Дәукенов жетті.

DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт