Халықаралық Шахмат қауымдастығы әлемдік гроссмейстерлердің шілде айындағы рейтингісін жаңартты.
Әйелдер арасындағы рейтингке екі бірдей Қазақстандық енген. 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионы, отандасымыз Динара Сәдуақасова рейтингте 2423 ұпаймен 48 орында тұр. «Халық таңдаулысы 2014» ұлттық сыйлығының лауреаты «шахматтан алғашқы қадамдар» кітабын жариялаған болатын. Ендігі оның мақсаты үздік 30 гроссмейстердің қатарына ену болып табылады.
2012 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының, 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санаттағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жансая Әбдімәлік 1389 ұпаймен 70 орында келеді. Жансая соңғы рет 20 шілде күні Польша астанасы Варшава қаласында өткен «Мигель Найдорф» халықаралық турнирінде жеңімпаз атаған болатын.
Әйелдер рейтингісін Қытайлық Ху Юран 2658 ұпаймен бастап тұр. Өкінішке орай ерлер арасындағы үздік жүздіктің қатарына Қазақстандықтар ене алмады. Бұл рейтингте Норвегиялық Карлсен Магнус көш басында тұр.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт