«Алматы» қол допшылары клубтар арасында өткен үшінші Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды.
Биыл байрақты бәсеке қазанның 3-і мен 9-ы аралығында Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде өтті. Жарысқа қазақстандық «Алматы», «Қайсар» және «Астана», өзбекстандық «АГМК», ирандық «Ларестан» және үндістандық «Т-Спортс» командалары қатысты.
«Алматы» қол допшылары барлық бес ойында жеңіске жетіп, доданың жеңімпазы атанды. Төрт ойында жеңіске жеткен «Қайсар» күміс жүлдегер атанса, ал үш ойында жеңіске жеткен «Астана» қола жүлдегер атанды. «АГМК» төртінші, «Ларестан» бесінші, «Т-Спортс» алтыншы орында.
Қол добынан клубтар арасындағы Азия чемпионаты 2016-шы жылдан бастап өтіп келеді. Алғашқы жарыс Қызылорда қаласында өтіп, «Қайсар» жеңімпаз атанды. Ал бір жылдан соң Ташкентте өтіп, жергілікті «АГМК» командасы жеңімпаз атанған болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт