Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ҚАЗАҚСТАН ҰОК ТОКИО ОЙЫНДАРЫНА АЛДЫНДА ЖАПОНИЯ ТАРАПЫМЕН ЕКІНШІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҰОК ТОКИО ОЙЫНДАРЫНА АЛДЫНДА ЖАПОНИЯ ТАРАПЫМЕН ЕКІНШІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының басталуына азғантай уақыт қалды. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті отандық спортшылардың Токиодағы ойындарға алаңсыз дайындалуына жағдай жасау үшін кезекті келісімге қол жеткізді.

Бүгін, 10 қазан күні, Ибараки префектурасындағы Юки қаласында каратеден Қазақстан ұлттық құрамасының 2020 жылға дейін жыл сайынғы жаттығу жиындарын өткізуі туралы Меморандумға қол қойылды.

Келісімге ҰОК спорт Дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов пен Юки қаласының мэрі Фумио Земба мырза қол қойды. Жаттығу жиындары Жапония билігінің 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық кезеңі аясында өтеді.

Тараптар төртжылдық додасы алдындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту үшін аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, салтанатты жиынға Жапониядағы Қазақстан елшілігінің өкілдері, Ибараки префектурасының депутаттары, сондай-ақ, Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті мен Бүкіләлемдік және Жапониялық карате федерациясының ресми өкілдері қатысты.

«Карате Қазақстандағы танымал жекпе-жектердің бірі. Біздің спортшыларымыз халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуде. Енді біз тұңғыш рет Олимпиада бағдарламасына енген каратеден жүлде күтетін боламыз. Қазақстан ҰОК 2020 жылғы Токио Олимпиадасына толығымен дайындықты бастады. Жапонияның өзге де префектураларымен келісіміміз бар. Спортшылардың сапалы жаттығу жұмыстарын жүргізіп, күн райына бейімделуі біз үшін өте маңызды. Біз осы бағыттағы жұмысымызды әрі қарай да жалғастырамыз», — деді Е. Қанағатов.

Еске сала кетейік, Жапониядағы дайындық орталықтарымен байланысты Қазақстан ҰОК Риодағы Олимпиада ойындары аяқталған бойда бастаған болатын.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ЧЕМПИОНДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ғаламторда қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 7 КО) чемпиондық белбеу үшін өткізген жекпе-жегінің бейнежазбасы …