Қазақстандық жас боксшы Искандер Харсан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында Шарлотта қаласында өткізді.
Искандердің қарсыласы дебюттік кездесуіне шыққан америкалық Трэвис Барнс. 4 раундқа жоспарланған кездесу жеңілірек салмақта (53,5 келі / 118 фунт) өтіп, 1 раундта нокаутпен аяқталды.
Айта кетейік, Искандер Алматы қаласындағы «Абылай хан» бокс залында Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Сағатбек Мусахановтың қол астында жаттығу жасайды.

DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт