Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / КРИШТИАНУ РОНАЛДУ ЖАҢА КОМАНДАСЫМЕН АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

КРИШТИАНУ РОНАЛДУ ЖАҢА КОМАНДАСЫМЕН АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Италия чемпионатының 2018/2019 маусымының ашылу ойынында, «Ювентус» сырт алаңда «Кьевомен» кездесіп, соңғы минуттарда жеңісті жұлып әкетті.

Тартысқа толы өткен кездесуде алғашқы минутардағы гол, пенальтиден гол, өз қақпасына гол және соңғы минуттардағы голдардың түр-түрі болды. Бірақ, 5 гол соғылған ойында, өзінің «Ювентус» сапындағы бірінші ресми ойынын өткізген Криштиану Роналду гол соға алмады.

Дегенмен де, соңғы минуттарда Роналдуның командаластары, қорғаушы Алекс Сандро шабуылшы Бернардескиге пас беріп, ал Бернардески мүмкіндікті қалт жібермей гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.

«Кьево» 2:3 «Ювентус»

Голдар: 38′ Степински, 56′ Джаккерини (пенальти) – 3′ Хедира, 75′ Бани (өз қақпасына), 90+3′ Бернардески.

«Кьево»: Соррентино (Секулин 90+2′) – Томович, Россетини, Бани, Каччаторе – Ригони, Радованович, Хетемай (Оби 78′) — Депаоли, Джаккерини – Степински (Джорджевич 66′)

«Ювентус»: Щесны – Канселу, Бонуччи, Кьеллини, Алекс Сандро – Хедира (Джан 84′), Пьянич – Куадрадо (Бернардески 56′), Дибала, Дуглас Коста (Манджукич 64′) – Роналду

Сурет: Gety Images сайтынан

Сондай-ақ

АЗИАДА-2018: АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО АСА ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕДЕ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫНЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды. 150 шақырымға созылған жарыс …