Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ҚАЙРАТ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

«ҚАЙРАТ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында, алматылық «Қайрат» сырт алаңда голландиялық «АЗ Алкмарға» есе жіберді.

Голландияның Алкмар қаласындағы «АЗ-Стадиум» стадионында 2-сінен 3-іне қараған түні өткен ойын, алаң иелерінің жеңісімен 2:1 есебімен аяқталды.

«Қайрат» ойыншылары есепті бірінші болып ашты. Ойынның 28-ші минутында «АЗ Алкмар» қақпашысы Марко Бизот өз айып алаңында «Қайраттың» украиналық шабуылшысы Адеринсола Эсеолаға қарсы тәртіп бұзды, ал алматылық клубтың капитаны Бауыржан Исламхан пенальтиді сәтті орынды.

Кейін, ойынның 41-ші минутында голландиялықтардың жартылай қорғаушысы Гуус Тил, бұрыштама кезінде «Қайраттың» қақпашысы Владимир Плотниковтың қақпадан сәтсіз шыққанын және қорғаушылардың қателік жібергендерін пайдалнып, гол соғып есепті теңестірді.

Ал Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтуі үшін кем дегенде үш гол соғуы керек болған «АЗ Алкмар», ойынның екінші таймын шабуылмен өткізіп, ойынға қосылған қосымша уақытта 94-ші минутта Теун Коопмейнерс пенальтиден гол соғып, командасына жеңіс әкелді.

Алматыда өткен бірінші ойында, «Қайрат» украиндық шабуылшы Адеринсола Эсеоланың қос голының арқасында 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. «Қайрат» жалпы 3:2 есебімен соңғы өткен Голландия чемпионатының қола жүлдегері және Голландия Кубогінің финалына шыққан «АЗ Алкмарды» жеңіп, Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты.

Барлығы төрт іріктеу кезеңінен тұратын Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайраттың» қарсыласы чехиялық «Сигма» атанды. Бірінші ойын 9-шы тамызда Оломоуцта өтеді, ал қарымта ойын 16-шы тамызда Алматыда өтеді.

Фото: «Қайрат» клубының ресми сайтынан

Сондай-ақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН СПОРТШЫЛАР

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтетін …