Кеше, 2-ші қыркүйек күні Джакарта мен Палембанг қалаларында өткен 2018 жылғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті.
18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында өткен Азия ойындарында, Қазақстан Ұлттық құрамасының спортшылары 76 медаль жеңіп алды. Оның 15-і алтын, 17-сі күміс және 44 қола медальдар.
Жалпы командалық есепте Ұлттық құрама Азия ойындарын 9-шы орынмен аяқтады.
Ал Азиада қорытындысы бойынша үздік үштікке Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттері жайғасты.
Сурет: «Olympickz» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт