Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков 109 келіге дейін салмақта Қазақстан чемпионы атанды.
Талдықорған қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында, Қызылорда облысының атынан шыққан Александр Зайчиков жалпы нәтижесінде 387 келіні көтеріп, Қазақстан чемпионы атанды.
Сондай-ақ, бүгін, екі жылға спорттан шеттетілген Илья Ильин қайтып оралып, 102 келіге дейін салмақта Қазақстан чемпионы атанған болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт