Каталондықтар, қарсыласының қақпасына сегіз гол соғып, өз жанкүйерлеріне нағыз мейрам сыйлады.
Испания чемпионатының үшінші кезеңі аясында, қазіргі чемпион «Барселона» өз алаңында «Уэсканы» қабылдады.
Ойын жылдам голмен басталды, 3-ші минутта «Уэска» ойыншысы Эрнандес гол соғып, алаң иелерін бір есеңгіретіп алды. «Барселона» да жанкүйерлерінің қолдауларымен, әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі Месси 16-шы минутта өз шеберлігін көрсетіп, гол соқты.
Одан кейін, каталондық клуб ойынды түгелімен бақылауларына алып, голдардың түр-түрін соқты. Месси мен Луис Суарес дубль авторлары атанса, ал Дембеле, Ракитич және Альба бір-бір голдан соғып, көзге түсті. Сондай-ақ, «Уэска» ойыншысы өз қақпасына гол соғып алды.
«Барселона» 8:2 «Уэска»
Голдар: 16′, 61′ Месси, 24′ Пулидо (өз қақпасына), 39′, 90+3′ (пенальтиден) Л. Суарес, 48′ Дембеле, 52′ Ракитич, 81′ Альба — 3′ Эрнандес, 42′ Гальяр.
«Барселона»: тер Штеген — Роберто, Пике, Умтити (Ленгле 65′), Альба — Ракитич (Видаль 71′), Бускетс, Коутиньо — Месси, Л. Суарес, Дембеле.
«Уэска»: Вернер — Мирамон, Пулидо, Эчейта, Луизиньо — Гальяр (Р. Семеду 65′), Мусто, Мелеро, Гомес — Лонго (Гюрлер 58′), Эрнандес (Авила 72′).
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт