ФИФА өткен маусымның қорытындысы бойынша ең әдемі гол үшін табысталатын Ференца Пушкаш жүлдесіне үміткер он ойыншыны атады.
Бұл тізімге, Гарет Бэйл («Реал Мадрид»), Денис Черышев (Ресей құрамасы), Лазарос Христодулопулос («Олимпиакос»), Криштиану Роналду («Реал Мадрид»), Джорджиан де Арраскаэта («Крузейро»), Райли Макгри («Ньюкасл Джетс»), Лионель Месси («Барселона»), Бенжамен Павар (Франция құрамасы), Рикарду Куарежма (Португалия құрамасы) және Мохамед Салах («Ливерпуль») соққан голдар енді.
Пушкаш жүлдесінің иегері, 24-ші қыркүйек күні Лондон қаласында өтетін «The Best» сыйлығының марапаттау рәсімінде аталады.
Пушкаш жүлдесі 2009-шы жылдан бері табысталып келеді. Ол венгриялық шабуылшының Ференц Пушкаштың құрметіне қойылған. Ал Пушкаш жүлдесінің соңғы иегері француз Оливье Жиру.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт