«Ювентустан» кеткен жартылай қорғаушы Клаудио Маркизио, «Зенит» сапына қосылды.
32 жастағы италиялық ресейлік клубпен 2 жылдық мерзімге қол қойды. Маркизио тамыз айында 25 жыл өткізген «Ювентустан» кеткен болатын.
Клаудио Маркизио сапында барлық додаларда 389 ойынға қатысып, 37 гол соққан. Жеті рет Италия чемпионы, үш рет Италия Кубогының иегері және төрт рет Италия Супер Кубогының жеңімпазы атанған.
Сурет: «Зенит» клубының ресми сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт