Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ ӨЗ АРАЛАРЫНДА ОЙЫН ӨТКІЗДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ ӨЗ АРАЛАРЫНДА ОЙЫН ӨТКІЗДІ

Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында, Латвия құрамасы мен Андорра құрамасы кездесті.

Рига қаласында өткен D лигасының А тобында екінші ойында, 90 минут бойы қос команда да бір-біріне гол соға алмай, ойын тең нәтижемен 0:0 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ, Ұлттар лигасының ашылу ойынында Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия құрамасына 0:2 есебімен есе жіберген болатын.

Енді, D тобындағы келісі ойындарда, 9-шы қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де Грузия құрамасы өз алаңында Латвия құрамасымен кездеседі. Ал 10-шы қыркүйектен 11-ші қыркүйекке қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Андорра құрамасымен ойын өткізеді.

Қазіргі уақытта D лигасының 1-ші тобында, Грузия үш ұпаймен көш басында, Латвия мен Андорра бір-бір ұпаймен екінші және үшінші орындарда, ал Қазақстан нөл ұпаймен соңғы орында тұр.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН «ОҢТҮСТІК АСТАНА» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Алматыда «Зенит» спорт кешенінде үстел теннисінен 20-шы «Оңтүстік астана» атты халықаралық турнир басталды, деп ақпараттық …