Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ПОЛЬША — ПОРТУГАЛИЯДАН ЖЕҢІЛДІ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ПОЛЬША — ПОРТУГАЛИЯДАН ЖЕҢІЛДІ

Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында Польша құрамасы өз алаңында Португалия құрамасынан 2:3 есебімен жеңілді.

Хожув қаласының «Шленски» стадионында өткен ойында, Польша құрамасы есеп басын бірінші болып ашқанымен, Португалия құрамасының Силва атты үштіктен құралған шабуылшыларына төтеп бере алмай жеңіліс тапты.

Ұлттар лигасының үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша, А лигасының 3-ші тобында Португалиялық құрамасы алты ұпаймен бірінші орында, ал Польша мен Италия бір-бір ұпаймен екінші және үшінші орындарда тұр.

Польша 2:3 Португалия

Голдар: Пьонтек, 18, Блащиковски, 77 – А.Силва, 31, Глик, 43 (өз қақпасына), Б.Силва, 52.

Польша: Фабьянски – Берешински (Кендзера, 46), Глик, Беднарек, Энджейчик – Зелиньски, Крыховяк, Клих (Блащиковски, 63), Кужава (Гросицки, 64) – Пьонтек, Левандовски.

Португалия: Патрисиу – Канселу, Пепе, Диаш, Руй – Невеш, Карвалью, Пицци (Санчеш, 74) – Рафа Силва (Данило, 85), Андре Силва, Бернарду Силва (Бруно Фернандеш, 90).

Сондай-ақ

ТҮРКИЯ ТУРЫНЫҢ 5-ШІ КЕЗЕҢІНДЕ ЛУЦЕНКО БАСЫМДЫЛЫҒЫН БЕРМЕДІ

Түркияның Президенттік турының 5-ші кезеңі Сельчук пен Манису аралығнда өтіп, 137,7 шақырымға созылды. Жарыс басталысымен …