Қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібайдың (7-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегіндегі қарсыласының есімі жария болды.
Кәсіпқой бокстағы мансабында жеңіліссіз келе жатқан Шыңғысхан Тәжібай, 27-ші қазан (Астана уақытымен 28-ші қазан) күні Форт-Вашингтонда (Мэрилэнд штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде шаршы алаңға көтеріледі.
BoxRec.com сайтының мәліметі бойынша, отандасымыз алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте 28 жастағы америкалық Хуан Родригеспен (8-11-1, 6 КО) жұдырықтасады.
Естеріңізге сала кетсек, Шыңғысхан соңғы рет 15-ші қыркүйек күні Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ) жекпе-жек өткізіп, қарсыласы америкалық боксшы Джастин Джонсонды (6-18-6) төрт раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.
Ол жекпе-жек Шыңғысхан Тәжібайдың кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегіндегі жетінші жеңісі болды, оның екеуін уақытынан бұрын аяқтаған.
Сурет: «chingiz.1992» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт