Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ПАРА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА 23 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ПАРА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА 23 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Индонезия астанасы Джакарта қаласында жазғы Азия Пара ойындары өтуде. Қазақстан Ұлттық құрамасының спортшылары ел қоржынына медальдарды салуда.

Бүгінге дейін ел құрамасының пара жүзушілері қоржынынға 15 медаль салды. Оның 4 алтын, 6 күміс және 5 қола медальдар.

Сиязбек Далиев, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 37.40 секундпен Азия Пара ойындарының рекордын орнатып, чемпион атанды.

Ержан Сәлімгереев, қос сайыста 100 метрге және 50 метрге еркін әдіспен жүзуде бірінші орындар алып, екі дүркін Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

2016-шы жылы Рио Пара Олимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, 100 метрге еркін әдіспен жүзуде 01:42.27 секундта жүзіп өтіп, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық құрамасының пара пауэрлифтинг, пара атлетика және дзюдо спортшылары да медальдар жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан Ұлттық құрамасы 23 медальмен (4 алтын, 10 күміс және 9 қола) 13-ші орында тұр. Бірінші орында Қытай құрамасы 197 медальмен (105 алтын, 53 күміс және 39 қола), ал екінші орында Оңтүстік Корея құрамасы 92 медальмен (35 алтын, 31 күміс және 26 қола).

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ЧЕМПИОНДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ғаламторда қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 7 КО) чемпиондық белбеу үшін өткізген жекпе-жегінің бейнежазбасы …