Басты бет / Кәсіпқой бокс / Әли Ахмедов / ӘЛИ АХМЕДОВ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҮШІН САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

ӘЛИ АХМЕДОВ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҮШІН САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

Жартылай ауыр салмақта қолғап түйістіретін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (12-0, 9 КО) пен қарсыласы мексикалық боксшы Хавьер Гомес (17-14, 11 КО) NABF Junior белбеуі үшін өтетін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Жекпе-жек ертең, 12-ші қазан күні Коста-Месадағы (Калифорния штаты, АҚШ) «The Hangar» аренасында өтетін бокс кешінде өтеді.

Айта кетейік, Әли Ахмедов «GGG Promotions» промоутерлік компаниясының боксшысы. Ол Big Bear-да Геннадий Головкинмен бірге бапкер Абель Санчестің қол астында жаттығады.

Ахмедов соңғы жекпе-жегін 8-ші тамыз күні Голливудта (Калифорния штаты, АҚШ) орналасқан «Авалон» аренасында өткен «Hollywood Fight Nights 2» бокс кешінде өткізіп, қарсыласы жергілікті боксшы 33 жастағы Хорхе Эскалантені (9-1-1, 6 КО) алты раундқа жоспарланған кездесудің төртінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Сондай-ақ

ҚХЛ: «АВАНГАРД» — «БАРЫС» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Құрлықтық хоккей лигасы он бесінші кезеңі аясында «Барыс» сырт алаңда омскілік «Авангардқа» қарсы ойын өткізеді. …