Басты бет / Мақала / ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

 

Қазақстандық ауыр атлет Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қазақ қызының Олимпиада ойындарында алғаш рет олжа салуы.

69 келіге дейінгі салмақта  Жазира Жаппарқұл алғашқы жұлқа көтеру жаттығуын 111 келіден бастап, оңай еңсерді. Екінші мүмкіндігінде 115 келіге тапсырыс беріп, оны да ойдағыдай көтере білді. Үшінші мүмкіндігінде 117 келі Жазираның ырқына бағынбады.Жарыста отандасымыздың басты қарсыласы саналған қытайлық Сян Яньмэй бірінші жаттығуда 116 келіні көтеріп, Жазирадан бір келіге озып шықты.

Жазира екінші жаттығуды 140 келіден бастады. Бірінші мүмкіндігінде көтере алмай, тек екінші мүмкіндігінде ғана  зілтемірді басынан асырып тік тұрды. Одан кейін 144 келіні көтере білді. Нәтижесінде отандасымыз қоссайыста 259 келімен (115+144) күміс жүлдегер атанды.Бұл салмақта қытайлық Сян Яньмэй чемпион атанды. Ол қоссайыста 261 келіні (116+145) көтерді. Қола мысырлық спортшы Сара Ахмедке (112+143) бұйырды.

Айта кетейік, Жазира Жаппарқұл 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында дүниеге келген. 8 жасынан бастап ауыр атлетикамен айналыса бастаған. Жаттықтырушысы — Рашит Төлегенов.

Сайыс біткен соң отандық тілшілерге берген сұқпатында Жазира жеңісін күллі Қазақ еліне арнайтынын жеткізді.

 

Сондай-ақ

МАНЧЕСТЕР СИТИ-ЛИГА КУБОГІНІҢ ИЕГЕРІ

«Манчестер Сити» Лига Кубогінің финалында лондондық «Арсеналмен» кездесіп, (3:0) есебімен жеңіске жетті. Команда бас бапкері …