Boxingnews24.com — бүкіл әлемге танымал бокс сайтының тілшісі Дэн Эмброузаның пікірі бойынша Геннадий Головкиннің командасы Дэниль Джейкобстың промоутерімен келісімді соза бермей, бір шешімге келу керек.
Айта кетейік, Том Леффлердің өтініші бойынша WBA келісім шарттың уақытын 15 күнге созған болатын. Әуел баста промутерлік сауда бүгін өтуі керек еді.
«Егер бұл кездесу уақытында өткенде 5-6 миллион доллар табыс әкелетін еді. Бұл келісім шартты ұзаққа соза беретіндей аз қаржы емес. Қорытындысында Головкин мен Джейкобс биыл өздері ойлағаннан аз табатын болды. Егер олар желтоқсан айында кездесу өткізіп, келесі жылы емін-еркін жаңа жоспарлар құрса екі боксшы да көп пайда көрер еді. Биылғы аз табыстары екі боксшыға да кері әсерін берері сөзсіз.
Бұл өте үлкен кездесу емес. Неге Джейкобс командасы келісімді тездетіп аяқтап, өздеріне тиесіліні алып, әрі қарай алға қарай жылжи бермейді?
Желтоқсан айында кездесу өткізбеу Головкин үшін өте тиімсіз. Ол кәсіпқой бокс әлемінде жұлдыз болғысы келеді. Ал, жылына бір-екі кездесу өткізіп, сөнген жұлдыз атану ешкімге керек емес. 34 жас шаршы алаңға шықпай жатып алатын жас емес. Сондықтан оған Джейкобспен келісу керек еді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт